Қызылорда қалалық “Айтбай” мешітінде Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен “ЖІГІТКЕ ЖЕТІ ӨНЕРДЕ АЗ” деген тақырыппен қалалық сайыс өтті.
Топтық сайысқа қалалық 16 мешіттен 32 жамағат қатысып, гір тасын көтеру, тир ату, дартс ату, шеге қағудан өз өнерлерін көрсетті.
Қаламыздың бас имамы Сүлейменов Берік Мәдиұлы сайысты ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әр түрлі турлардан тұратын сайыстарда кей жамағаттар мергендігімен танылса, енді бірі ептілігін көрсетіп, гір тасын көтеруден мықтыларда айқындалды. Сайыс барысында жоғарғы көрсеткіштермен баса озып жүлделі І-орынды қалалық орталық “Нұр” мешіті алса, ІІ-орынға қалалық “Хазреті Осман” мешіті орналасып, ІІІ-орынға қалалық “Сұлтан” мешіті жайғасты. Жүлдегерлер арнайы қаржылай сыйлықтарымен марапатталып, арнайы сертификаттармен, алғыс хаттар табысталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі