ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/05/2019 350

Сөз тапқанға қолқа жоқ!.. (Тәмсіл)

Күндердің бір күнінде ерте заманда бір падишах болыпты.Сол падишах бір күні : «Кімде-кім өтірігімен мені сендіретін болса бір қап алтын беремін!» -деп жер-жаһанға жар салыпты. Өтірікші, суайттардың бәрі дем арасында падишахтың сарайына жиналып өтіріктеріне кірісіп кетіпті.

«Бір құс арыстанды аулап ұясына тығыпты» десе, падишах ашулы түрмен: «Мұның несі жалған? Кішкентай құстың арыстанды аулағанын қайдан көрдің»-деп сөгіп тастапты.

«Бір елді-мекеннің  падишахы терезеден бас көтеріп қарай бергенде тәжін түсіріп алыпты, тәжі де көшеде ақырып  кетіп бара жатқан есектің басына киілгені сол еді, есек падишаққа айналып кетіпті»деседі.

Ал тағы біреуі болса  «Падишах,  мен аспан көкке оқ аттым алты айдан соң жерге оралды» десе керек  «Сенің оғың бір талдың  төбесінде ілініп қалып, алты айдан кейін күздің жапырағымен жерге түскен болар » деп өтірігін қабыл көрмеді.

Осылайша падишах әрбір құрастырылып айтылған өтіріктерге сылтау тауып ешбірін қабыл етпей мазақ етіпті.Бір күні бір сабаз келіп: «Тақсыр, сен менің әкемнен бір қап алтын қарызға алыпсыз, сол қарызды алуға келдім. Айтқаным өтірік десең  уәде еткен сый-сияпатыңды бер, рас  десең  қарызыңды өте»,-деп қатырған екен.

 «Сөз тапқанға қолқа жоқ»,- деп осыны айт!