ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен 500 адамға «Ауызашар дәмі» таратылды.
Айта кетейік, елдегі эпидахуалға байланысты, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен, мешіттерде ауызашар дастарқанын дайындаудың орнына ауызашар дәмін тарату акциясын жүзеге асыру жобасы бастау алған болатын.
Рамазан айының құрметіне өткізлген шарада аймақ мешіттерінің қызметкерлері мен жас жамағаты қасиетті айда ауыз бекіткен аурухана мен жедел жәрдем қызметкерлеріне, темір жол мен авто вокзалдардағы жолаушыларға, автобус жүргізушілеріне және ауызашар уақытында жұмыс жасаушы азаматтарға, жалпы саны 500 тұрғынға ауызашар дәмін таратып, оразамен құттықтады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі