ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/14/2019 315

ТҮНГІ НАМАЗЫ КӨПТІҢ КҮНДІЗ ЖҮЗІ НҰРЛЫ БОЛАДЫ

Тақуа кісілер қашан да Хақ Тағалаға деген сағынышын Оның кәләм-сөзін оқып, көз жасымен басады. Әшәб ибн Әбділәзіз Имам Мәлік туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан уақытта сыртқа шықтым. Мәлик ибн Әнәстің үйінің жанынан өтіп бара жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап қалдым. «Фатиханы» оқып болған соң, «Тәкәсүр» сүресіне көшті. «Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден сөзсіз сұраласыңдар» аятына жеткен кезде кемсеңдеп, жылай бастады. Әлгі аятты қайта-қайта қайталап жылай берді. Мен баратын жеріме де бармай, оны тыңдап тұрдым. Осылайша ол таң намазына дейін жылады. Таң шапақ атқанда ғана рүкүғке барып, намазын бітірді. Мен де үйге барып, дәрет алып, таң намазын оқу үшін мешітке келдім. Әні міне дегенше күн шығып, айнала жарыққа бөленгенде оның айналасына ілім алқасы жиналды. Мен жақындап барып жүзіне қарағанымда, жүзі нұр шашып тұрды. Сол кезде мен: «Түнгі намазы көп болғанның күндіз жүзі нұрлы болады» деген хадисті есіме алдым»[1].


[1] Геже ибадеті, Абдулхаким Юже, Измир, 49-50