ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/30/2020 463

Яқин

 Имам әл-Бухари “Сахих” жинағында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) “Кім ризық-несібесінің молайғанын, өмір-жасының ұзарғанын қаласа, ағайын-туыстарымен байланысын үзбесін!” деген хадисін келтіреді.

Қазір көп жастар Батыстың өзін-өзі дамыту психологиясы мен жапондардың өмірді реттеу техникаларын оқып, оны күнделікті өмірде практикаға айналдыруға тырысып жатыр. Сонымен қатар, “Тайм-менджмент” тәсілдерін де меңгеріп жатыр. Бұның барлығы да, “бірағын” айтпағанда, қуантарлық іс.

Енді жоғарыдағы хадистің бұған не қатысы ба-а-ар деп ойлап отырған шығарсыздар?

Біз қанша жерден ақшамыз бен уақытымызды үнемдесек те, мұсылмандық құндылықтарымыздан ажырамауымыз қажет.

Біздің “соларға” еліктеп туысқандарымызға жайылған дастарханымыздан ақшамыз азаяды, олармен бас қосқан уақытымыз босқа кетеді деп ойлайтынымызды біліп, Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы хадисті айтып кеткен болса керек.

Енді қалай көбейеді? Қалай ұзарады? Соған келейік.

Мысалы, сіздің 100 мың теңгеңіз бар. Оның 10 мыңын мұқтаж туысқаныңызға бердіңіз. Сізде 90 мың қалды. Азайды ма❓Бірақ, Алла Тағала “Бір жақсылықты он есе етіп қайтарамын” деп уәде берді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жасаушының шынайылығана қарай, оның тағы он еседен жеті жүз есеге дейін артатынын айтып қуантты. Сіздің 10 мыңыңыз кем дегенде 100 мың болып қайтады. Енді ше❓

Сол сияқты, сіздің туысқандарыңызға жұмсаған уақытыңыздың орнын да толтырады. Мысалы, өміріңізді құм сағатта елестетіп көріңізші. Сусылдап төгіліп, өміріңіз қысқарып жатыр. Бірақ, туыстық қатынасқа келгенде сағат тоқтап қалады.

Бірақ, ол үшін яқин керек! Яқин деген не? Жоғарыдағы 1-ші мысалға қайтадан оралайық. 100 мың теңгеңіз 90 мың болып қалғанда арифметика “азайды” дейді, бірақ Алла “көбейді” дейді. Сіздің сол кезде “көбейді” деп сенуіңіз – яқин.

Яқинді кеңінен тарқатып жаз десеңіздер, төменге бір әу деп жіберіңіздер. ))

Ескерту: Туыстық қарым-қатынас деген таусылмайтын той-томалақ емес, бір-бірін зиярат ету, қал сұрасу, қол ұшын беру т.с.с. Қысқасы, туысқаны ретінде керек уақытта, керек жерден табылуыңыз.

@dastan_kurmanbayev