ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/29/2020 147

Жұмақта кітап оқу жайында

 Бір кісі жұмақта кітап оқи аламын ба деп сұрапты. Осыған байланысты бір кездері оқығандарым бар еді. Есіме түсіп отыр…

Біріншіден, кітап оқудың мəні мен маңызынан, пайдаларынан бөлек рахаты (!) да бар. Ұлы ғұлама Ахмад ибн Ханбалдан (780-855) білімді Құдайдың ризалығы үшін алдың ба деп сұрағанда, ол “Əлбетте! Оған қоса мен ол істі жақсы көрдім” деген екен. Ал жұмақта “Жан құмартып, көз қызығатынның барлығы бар” (Құран 43:71).

Бір күні Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) уағыз айтып отырып былай дейді: “Бір адам жұмақта Құдайдан егін егуге рұқсат сұрайды. Құдай оған “Мұнда қалағаныңның барлығы бар емес пе?!” дейді. Əлгі адам “Иə. Бар ғой! Бірақ мен егін еккенді жақсы көремін” дейді. Сөйтіп егін егеді. Еккені де тез арада шығып, өсіп, пісе қалады…”.
📒 Хадисті əл-Бұхари (810-870) өзінің сахих хадистер жинағында келтірген.

📒 Хадисші ғалым Ибн Хажар (1372-1449) осы хадиске сүйеніп, “Жұмақта дүниелік істерден қалағаныңды істеуге болады” деген.

Әрине, күнəлі істерден басқасының барлығын! Өйткені Құранда жұмақ туралы айтылғанда “Олар онда бос нәрселерді де, күнəні де естімейді” (Құран 56:25) делінген.

Сондай-ақ, көрнекті ислам ғұламасы Хасан əл-Басриден (642-728) жұмақта сəйгүлік бар ма деп сұрағанда, ол “Онда жан құмартып, көз қызығатынның барлығы бар” деп жоғарыдағы аятпен жауап берген екен.

Десек те біз ондағы дүниелердің дəл қандай бейнеде болатынын білмейміз. Себебі онда басқа өлшемдер…

@dastan_kurmanbayev