ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/28/2020 275

Жүрегі мешіттің ішінде ілініп тұратын адам

 “Алла Тағаланың панасынан басқа пана болмайтын қиямет күні Алла Тағала жеті түрлі адамды Өзінің панасына алады” деп басталатын хадисті барлығы біледі деп ойлаймын. Сол жетеудің біреуі жүрегі мешітке байланған адам екенін естеріңізге сала кетейін.

Көп риуаятта “ب” қосымшасымен беріледі. Ол “Жүрегі мешітке байланған адам” деп аударылады.

Бірақ, имам әл-Бухаридің нұсқасында “Жүрегі мешіттің ішінде ілініп тұратын адам” деп “ف” қосымшасымен берілген. Оны Ибн Хажар қабырғада ілініп тұрған шамды мысалға келтіре отырып түсіндіреді және ол үнемі мешітте отыру деген сөз емес дейді. (Фатх әл-Бари)

Сонымен, “Жүрегі мешіттің ішінде ілініп тұратын адам” немесе “Жүрегі мешітке байланған адам” дегеннің мағынасы не?

Қульту: Мешіттің ішінде намаз оқып, уағыз тыңдап отырғанда жүрегіңіз қандай болады? Егер мешіттің сыртында да сондай болса, сіз “жүрегі мешіттің ішінде ілініп тұратын” адамсыз.

Сондықтан, өзімізді барлық жерде мешітте жүргендей сезінетін болсақ Жер беті мешітке айналып “Жер беті мен үшін мешіт және таза етілді” деген хадис амалға асырылар еді.

@dastan_kurmanbayev