ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/10/2020 10766

Жаңбыр жауғанда не істейміз?

Жауын жауып жатқанда жасалатын бірнеше сүннеттер бар. Оларды жасау арқылы көптеген жақсылыққа жете аламыз.
1️⃣ «Уа, Алла! Нөсерлетіп пайдалы жаңбыр жаудыр» – деп Құдайдан тілеу.
📕 Айша (р.а) анамыздан жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с) жаңбыр жауған кезде «Уа, Алла! Нөсерлетіп пайдалы жаңбыр жаудыр» – деп дұға жасайтын болған. (Буқари)
📌 Сіздің жасаған жақсы дұғаңыздың себебімен мұсылмандарға жаңбырдан болатын зияндар тоқтап, оларға жақсылық сыйлауы мүмкін.

2️⃣ Денеге жаңбыр тигізу
Жаңбыр жауып тұрғанда астында тұрып, денеге тигізу үшін киімнің бір шетін ашу сүннет б.т.
📔 Анас (р.а) Алла елшісімен (с.ғ.с) бірге отырғанымызда жауын жауды, пайғамбар (с.ғ.с) лезде киімін шешіп денесіне жаңбыр суын тигізді, сол кезде уа, Алла елшісі (с.ғ.с) бұны неге істедіңіз? деп сұрадық. Сонда «бұл жаңа ғана жаратылған Алланың рахымы» – деп жауап берді.

3️⃣ Жаңбыр суына дәрет алып, жуыну
📗 Алла елшісі (с.ғ.с) «Алла таза деп атаған жаңбыр суын әкеліңдер дәрет алып, Аллаға шүкір етейік» – деген.

4️⃣ Дұға жасау
Ақыреттік және дүниелік қажетімізді сұрау. Себебі әрбір жауын тамшысымен Алланың рахымы түседі. 📔 Алла елшісі (с.ғ.с) «Екі уақыттағы дұға қабыл болады, олар; азан айтылған уақыт пен жауын жауған уақыт» – деген.

@berik_sulimenov